Аймақинфо- ақпараттық портал

Жұмыспен қамту шаралары қарқынды

0 19

«Жастарға жұмыс» партиялық жобасы аясында «Еңбек мобильдігі орталығы» КММ-нің Талас ауданы бойынша Мансаптық орталық филиалының ұйымдастыруымен «Ұлбике ақын» атындағы мәдениет үйінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге Талас ауданы бойынша 19 жұмыс берушілердегі 46 және «Еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде іске асырылып жатқан жұмыспен қамтудың белсенді шаралары аясында 230 бос жұмыс орындары ұсынылды. Сонымен қатар, жәрмеңкеге қатысқан 110-нан аса аудан тұрғындарына «Еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының» бағыттары мен мүмкіндіктері толыққанды түсіндіріліп, тұжырымдама туралы ақпараттарды қамтитын 200-ден астам брошюралар таратылды. Нәтижесінде, жәрмеңке барысында 68-ден астам адамдарға кеңестер мен сұрақтарына жауаптар берілді. Жастар практикасына – 7 жасқа, ақылы қоғамдық жұмыстарға – 23 адамға, әлеуметтік жұмыс орындарына – 8 адамға, күміс жасына – 15 адамға және тұрақты жұмысқа – 17 адамға жолдамалар берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.