Аймақинфо- ақпараттық портал

Тәрбие мен тәртіп бірлескен шарасы өтті

0 26

Талас ауданы прокуратурасы мен Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар рсеурстық орталығы» КММ-сі бірлесе ұйымдастыруымен «Қауіпсіз-Талас» жобасы аясында «Тәртіп пен тәрбие – әр жасөспірімнің таңдауы» тақырыбында аудан жастары арасында спартакиада өткізілді.
Спартакиаданың ашылу салтанатына Талас ауданы прокуратурасының прокуроры Қосжан Нұр-Мұхаммед Қайратұлы, Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Рысбаев Мақсат Сабырғалиұлы және Жастар ресурстық орталығының директоры Манатбеков Нұрсұлтан Жексенбекұлы, Талас ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы Сейілбек Зиянат Аманқызы қатысты. Алғы сөзді Талас ауданы прокуратурасының прокуроры Қосжан Нұр-Мұхаммед Қайратұлы алып қатысушыларға сәттілік тілеп, алдағы уақытта да жастарды спортқа, мәдениетке және қоғамға пайдалы істерге тарту қажеттігіне назар аударды. Сонымен қатар, осы іс-шараның жастардың дұрыс бағытта тәрбиеленуіне, құқық бұзушылықтардан сақтануына және өзара сыйластықты дамытуға септігін тигізетінін атап өтті.
Аталмыш іс-шараға аудан аумағынан 10 команда қатысты. Жарыс кір тасын көтеру, қол күрес, ләңгі, дартс, асық ату, бес тас, арқан тарту сынды кезеңдермен жалғасты. Жарыс нәтижесінде жалпы коммандалық есепте бас жүлдені А.Байтұрсынұлы атындағы гимназия мектебі, І орын Қаратау құрылыс-техникалық колледжі, ІІ орынды С.Сейфуллин атындағы орта мектебі, ІІІ орынды Д.А.Қонаев атындағы орта мектебі иеленді.
Іс-шара соңында қатысушылар арнайы дипломдармен марапатталып, сыйлықтар табысталды.

”Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы Дүйсетай Әсел

Leave A Reply

Your email address will not be published.