Аймақинфо- ақпараттық портал

«Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмысқа шақырамыз

0 16

«Жасыл ел» бағдарламасы-Қазақстан Республикасында жастарды әлеуметтік, мәдени және еңбек қызметіне тарту мақсатында басталған бағдарлама.  Ауқымды жобаның басты мақсаты-экологиялық мәдениетті насихаттап, жас ұрпақтың қоғам өміріне белсенді қатысуын қамтамасыз ету.

Бағдарламаның негізгі бағыттары:

  1. Ерікті еңбек: Жас азаматтарды көгалдандыру, тазалық жұмыстарына, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларындағы жобаларға тарту.
  2. Экологиялық тәрбиелеу: Экологиялық мәдениет пен табиғатты қорғауға қатысты шаралар ұйымдастыру, білім беру.
  3. Жастардың әлеуметтік тұрғыдан дамуы: Бағдарлама жастардың қоғамда жауапкершілігі мен азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған түрлі жобаларды іске асыру.

 

Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы», жастарды «Жасыл ел» бағдарламасы аясында жастарды жұмысқа шақырады.Олар табиғат қорғау шараларына, сенбіліктерге, ағаш отырғызу науқандарына қатысады. Сонымен қатар, бұл бағдарлама жастарға еңбек етуге, экология мен табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыруға, патриоттық сезімді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Жасыл ел» бағдарламасының І кезеңі ағымдағы жылдың 3 наурызында бастау алады.

Бағдарламаға қатыса алатын жастар санаты(16-35 жас аралығындағы жастар):

  1. NEET санатындағы (Жұмыссыз жастар)
  2. Студент жастар
  3. Әлеуметтік осал топтағы жастар
  4. Волонетр жастар
  5. Пробация есебіндегі жастар

 

 

Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің  «Жастар ресурстық орталығы»

                                                        

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.