Батырдың әдеби мұрасы дәріптелді
Тамды ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Әулиеата — кітап оқитын өңір» жобасы аясында қазақ халқының даңқты батыры, гвардия полковнигі, жазушы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының шығармашылығына арналған «Ел сыйлаған батыр — Бауыржан» атты портретті кеш өтті.
Іс-шараға қатысқан Қойгелді атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушылары батыр бойындағы қайрат,күш-жігер, қайсарлық жайында жазылған естеліктерін және батыр бейнесінің әр қыры қамтылған шығармаларды оқыды.
Сондай-ақ, «Қазақ халқының мәңгілік мақтанышы» тақырыбында жазушы кітаптарынан көрме жасалды. «Ел намысы-ер қолында,ер намысы-ел қолында» деп айтып кеткен әрі шешен, әрі көсем, әрі батыр, өмірі өнегелі істерге толы батыр тұлғаны жете біліп, мәңгі есте сақтау бүгінгі жас ұрпақтың қасиетті борышы болуы керек.
Г.Тасынова,
Тамды ауылдық кітапхана меңгерушісі.