Аймақинфо- ақпараттық портал

Зейнетақы өсуде: Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері 143,8 мың теңгеге жетті

0 107

Қазақстанда зейнетақы төлемдері жыл сайын артып келеді. 2025 жылғы 1 наурыздағы мәліметке сәйкес, еліміздегі зейнеткерлердің орташа зейнетақысы 143 800 теңгені құрайды. Оның ішінде ынтымақты зейнетақының орташа мөлшері – 96 117 теңге, ал базалық зейнетақы – 47 683 теңге.

Зейнетақы төлемдеріне қанша қаражат бөлінді?

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 694,7 млрд теңге зейнетақы төлемдеріне жұмсалды. Оның ішінде:

  • Базалық зейнетақы төлемдеріне – 224,5 млрд теңге;
  • Ынтымақты зейнетақыға – 470,2 млрд теңге бөлінді.

Зейнетақы қалай және қаншалықты өседі?

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшері инфляция деңгейін ескере отырып ұлғайтылды:

  • Базалық зейнетақы төлемі 6,5%-ға артты;
  • Ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға ұлғайтылды, бұл инфляция деңгейінен 2%-ға жоғары өсім.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде базалық зейнетақының ең төменгі мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ына, ал ең жоғары мөлшерін 120%-ға дейін кезең-кезеңімен өсіру жоспарланған.

2025 жылы базалық зейнетақының жаңа мөлшері қандай?

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап:

  • Базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 65%-ынан 70%-ына дейін көтерілді. Бұл 32 360 теңгені құрайды.
  • Ең жоғары мөлшері 105%-дан 110%-ға дейін өсіп, 50 851 теңгеге жетті.

Зейнетақы төлемдерінің жыл сайын көтерілуі зейнеткерлердің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.