Наурыз мерекесінде 21 мыңнан астам полицей мен ұландық қызмет атқарады
Қазақстанда Наурыз мейрамы кең ауқымды мерекелік концерттер мен халықтық шаралармен атап өтілуде. Осыған байланысты қоғамдық тәртіпті сақтау күшейтілді. Ел аумағында 21 мыңнан астам полиция қызметкері мен ұлан сарбазы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қызмет атқаруда,.
Құқық қорғау органдары патрульдеу жұмыстарын күшейтіп, стратегиялық маңызды нысандар мен адам көп жиналатын орындарда тәулік бойы бейнебақылау жүргізуде. Бұл шаралар азаматтардың мерекелік көңіл-күйін алаңсыз сезінуіне мүмкіндік береді.
Наурыз – татулық пен бірліктің, бейбітшілік пен берекенің мерекесі. Сондықтан ел тәртібін қадағалаушы қызметкерлердің еңбегі ерекше маңызға ие. Мерекені қауіпсіз әрі шат-шадыман көңіл-күйде өткізу – басты міндет.