Түркістанда «FaceID» камерасы арқылы халықаралық іздеудегі қылмыскер ұсталды
Түркістан облысында полицейлер смарт камераның көмегімен алты жыл бойы халықаралық іздеуде болған ер адамды ұстады. Бұл туралы Polisia.kz
Қылмыстық полиция басқармасының мәліметінше, 40 жастағы азамат 2019 жылдан бері есірткі сатуға қатысты ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген.
Ол адамның түрін тануға арналған «FaceID» жүйесі арқылы анықталып, қолға түскен.
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу жұмыстары жалғасуда. Оқиғаның толық мән-жайы анықталатын болады.