Франция президенті АҚШ-қа инвестиция салуға қатысты мәлімдеме жасады
Франция президенті Эммануэль Макрон француз бизнес өкілдеріне АҚШ-қа инвестиция салуды уақытша тоқтата тұруды ұсынды. Бұл шешім Вашингтонның тарифтік саясатына байланысты туындаған белгісіздікке орай қабылданды. Макрон жағдай толық айқындалмайынша, қаржы құюдан бас тартуға кеңес берді.