Аймақинфо- ақпараттық портал

Гейлер арасында ВИЧ-тің таралуына жол бермеу үшін 15,5 млн теңге бөлінді

0 81

Бұл қаражат 2025 жылы қауіпті инфекцияның таралуын тежеуге арналған іс-шараларға жұмсалмақ. Атап айтқанда, бір жынысты қарым-қатынаста болатын ер адамдарға ВИЧ және басқа жыныстық жолмен берілетін аурулар туралы ақпарат беріледі, тегін тестілеу мен медициналық кеңес ұсынылады.

«Биыл гей ер адамдар арасында ВИЧ инфекциясының алдын алу мақсатында 15 миллион 500 мың теңге қарастырылды. Бұл қаражаттың негізгі бөлігі аутрич қызметкерлердің еңбекақысына жұмсалады», – дейді Астана қалалық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының бөлім меңгерушісі Ұлықбек Сәулебаев.

Аутрич қызметкерлер — бұл қауымдастық өкілдерімен тікелей байланыс орнатып, түсіндіру жұмыстарын жүргізетін мамандар. Олар ақпарат таратып қана қоймай, тест тапсыруға ынталандырып, қажет болған жағдайда медициналық көмекке бағыттайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.