Бұл шешімге мұнай бағасының әлемдік нарықта күрт төмендеуі себеп болды. Енді дизель отынына да салық жүктемесі артады. Алайда билік қарапайым халықтың қалтасына бұл өзгеріс әсер етпейді деп сендіріп отыр — жанармай құю бекеттеріндегі баға өзгермейді деген уәде берілді.
Мұндай тәсіл Үндістанда бұрыннан қолданылып келеді: мұнай арзандаған сайын, үкімет акцизді көтеріп, сол арқылы бюджет тапшылығын жаппақ болады.
Айта кетейік, соңғы апта ішінде мұнай бағасы барреліне 10 долларға төмендеді. Сарапшылар бұл жағдайға АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың салықты өсіру туралы шешімі де әсер еткенін айтады.
Қазіргі таңда Brent маркалы мұнайдың бір баррелі — 64,30 доллар, ал WTI — 60,70 доллар. Бұл — соңғы төрт жылдағы ең төмен көрсеткіштердің бірі.