Аймақинфо- ақпараттық портал

ТАЛАС АУДАНЫНДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

0 9

Жалпы аудан бойынша 2025 жылдың өнімі үшін барлығы 12 145 гектар алқапқа ауылшаруашылығы дақылдарын егу жоспарлануда. Оның ішінде: күздік бидай 4500 гектар және бұрынғы жылдардағы көпжылдық шөп 4125 гектарды құрайды. Көктем айларында 3520 га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі. Оның ішінде: 1050 гектар жаздық арпа, 495 гектар дәндік жүгері, 350 гектар мақсары, 10 гектар күнбағыс, 100 гектар картоп, қант қызылшасы 140 гектар, 275 гектар бақша, 190 гектар көкөніс және 910 гектар көпжылдық шөп себіледі деп жоспарлануда. Бүгінгі күнге 1 950 га жер жыртылып, 350 га жерге көпжылдық себілді.Көктемгі егіс-дала жұмыстарына 130,0 тн арзандатылған дизель отынына өтінім беріліп, қазіргі таңда тиісті оператор таңдалып, бағасы литріне 254 теңгеден таратылуда.
Көктемгі егіс-дала жұмыстарына қатысатын 439 бірлік ауылшаруашылығы техникалары толық дайындалды.
Көктемгі егіс дала жұмыстарын қаржыландыру мақсатында “Кең дала” бағдарламасы аясында 2 шаруашылық 20 млн. теңге қаражат алды.
Биылғы жылға 325 га егіс көлемін тамшылатып және жаңбырлатып суару әдісімен егу көзделуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.