Аймақинфо- ақпараттық портал

Елімізде сұйытылған газды экспорттауға қойылған тыйым ұзартылды

0 3
Шектеу елімізде газ тапшылығын болдырмау үшін енгізілген еді.

Қазақстанда сұйытылған мұнай газын және болат дайындамаларын шетелге шығаруға салынған тыйым тағы ұзартылды. Бұл шешім Үкімет жанындағы сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында қабылданды

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, сұйытылған газ экспортына тыйым ішкі нарықты тұрақтандыру және шекаралас елдерге заңсыз тасымалды болдырмау мақсатында енгізілген болатын. Ал болат дайындамалары мен жартылай фабрикаттарға қатысты тыйым алты айға ұзартылып отыр.

Министрлік шектеулердің оң әсері ретінде металл өнімдерін терең өңдеу көлемінің артқанын, соның нәтижесінде арматура экспорты шамамен 30 мың тоннаға көбейгенін атап өтті.

Сонымен қатар, ведомствоаралық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстанға гипсокартон мен тас өнімдерін (мысалы, брусчатка) әкелуге үш айлық шектеу қою ұсынысын қолдады. Бұл шешім отандық өндірушілердің мүддесін қорғау және ішкі нарықтағы бағаны ұстап тұру мақсатында қабылданған.

2024 жылы елімізде 95,2 мың тонна брусчатка және 35,5 миллион шаршы метр гипсокартон өндірілді. Бұл өнімдерге ішкі сұраныс жоғары – гипсокартон бойынша тұтыну көлемі 38,8 миллион шаршы метрге жеткен. Министрліктің мәліметінше, отандық кәсіпорындар нарықты тұрақты қамтамасыз етуге және бағаны ұстап тұруға дайын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.