Аймақинфо- ақпараттық портал

Төтеншеліктер дрон арқылы әйел мен баланы құтқарды

0 5
Жоғалғандар медициналық көмекті қажет етпеген

ТЖМ құтқарушылары 3 ұшқышсыз ұшу аппараты арқылы ана мен оның баласын тапты

1982 жылы туған әйел 2015 жылы туған ұлымен бірге БҚО Теректі ауданы Сарыөмір ауылынан  Дуан ауылына қарай жеңіл автокөлікпен шығып, бағдарынан айырылып, құтқарушылардан көмек сұраған.

—  Іздеу жұмыстары тәуліктің қараңғы уақытымен және өтініш берушімен кенеттен жоғалып кеткен байланыстың себебінен қиындады.  Жұмысты жеделдету мақсатында ТЖМ қосымша күштері мен құралдары, сондай-ақ 3 ұшқышсыз ұшу аппараты іздеуге тартылды. Жұмыла жасалған жұмыс нәтижесінде бала мен оның анасы Теректі ауданы Рыбцех ауылының маңында ақаулы көліктен табылды. Жоғалғандар медициналық көмекке мұқтаж болмай, елді мекенге жеткізілді,- делінген хабарламада.

Leave A Reply

Your email address will not be published.