Аймақинфо- ақпараттық портал

Қазақстанда мамыр айында ауа райы күрт суытады

0 4
Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді

Қазақстанның бірнеше өңірінде сәуірдің соңы мен мамыр айының басында ауа райының күрт суыту күтілуде

«29 сәуір мен 1 мамыр аралығында Қазақстанға жаңбыр мен найзағай әкелген циклон ел аумағынан шығып кетеді. Оның орнына батыстан антициклон кіріп, жаңбыр тоқтап, ауа температурасы күрт төмендейді, алдымен батыста, содан соң солтүстік пен шығыста», – деп хабарлады синоптиктер.

29 және 30 сәуірде Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарында, 30 сәуір мен 1 мамырда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ұлытау және Абай облыстарында түнде температура теріс мәндерге дейін түседі деп болжануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.