Аймақинфо- ақпараттық портал

Жамбыл облысының ПД бастығы гарнизондық жиын өткізді

0 4
Гарнизондық жиынға ПД жеке құрамы, жергілікті атқарушы орган өкілдері, ІІО ардагерлері, жеке күзет фирмалары, волонтерлер қатысты.

Тараз қаласының орталық алаңында Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев полицияның кешенді күштерінің гарнизондық жиынын өткізді

Бақытжан Малыбаев қызметкерлерге азаматтармен қарым-қатынас кезінде ұстамды және сыпайы болу қажеттігін еске салып, халықпен барынша тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасауға, сондай-ақ профилактикаға бағытталған Заң мен тәртіп қағидатының қатаң сақталуына баса назар аударды.

Сонымен қатар жеке құрамның қызмет атқаруға дайындығын, нысанды киімдері мен сырт бейнесін, қызметтік автокөліктердің техникалық жай-күйін, олардың апаттық-құтқару құралдарымен жабдықталуын тексерді.

Іс-шара барысында жеке құрамға құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау бойынша негізгі міндеттер мен нақты тапсырмалар қойылды. Қоғамдық тәртіпті сақтауға кірісетін полиция қызметкерлері облыстағы жедел жағдай мен қылмыстық ахуал туралы хабардар етіліп, оларға бағыттамалар таратылды.

Жиын соңында полиция қызметкерлері әскери оркестрдің сүйемелдеуі арқылы салтанатты маршпен жүріп өтіп, Тараз қаласының қоғамдық қауіпсіздігі мен құқықтық тәртібін қамтамасыз ету қызметіне кірісті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.