ШҚО-да қытайлық компанияға 1 млрд теңге айыппұл салынды
Шығыс Қазақстан облысында «Синьсин» қытайлық компаниясына экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін 1 миллиард теңге айыппұл салынды
Шығыс Қазақстан облысының табиғат қорғау прокуратурасының талабымен облыстың экология департаменті «Синьсин құрылыс және даму қытайлық компаниясы» ЖШС-ін тексерді. Тексеру барысында экологиялық заңнаманың бұзылғаны анықталды – асфальтобетон қондырғысы мен ұсақтағыш кешеннің II категориялы объектілер үшін экологиялық рұқсатсыз пайдаланылуы.
Өткен жылдың қараша айында компанияға 1 миллиард теңге айыппұл салынды, бірақ компания инспектордың шешіміне шағым түсірді. Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты шешімді күшінде қалдырды.
Сәуір айында компания жоғары сотқа қайта шағым түсіріп, бірінші инстанция сотының шешімі қайта өзгеріссіз қалдырылды.