Аймақинфо- ақпараттық портал

Иерусалим маңындағы орман өрті ауыздықталды: 18 адам күдікке ілінді

0 6
Бұл туралы The Times of Israel басылымы мәлімдеді

Израильде Иерусалим төңірегіндегі таулы аймақта басталған өрт бақылауға алынды

Өрт сөндірушілер алдағы сағаттарда жұмыстарын жалғастырып, қайта тұтану қаупін болдырмауға тырысады. Өрт сөндіру қызметі өрттің шығу себебіне байланысты тергеу басталғанын мәлімдеді. Ал Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Иерусалим маңындағы өртке байланысты 18 адамның ұсталғанын хабарлады.

Еврей ұлттық қорының мәліметінше, жалын 5000 акр немесе 2000 гектардан астам аумақты шарпыған, оның басым бөлігі – орман алқаптары.

1 мамыр күні түстен кейін эвакуацияланған тұрғындарға үйлеріне оралуға рұқсат берілді.

Медициналық қызмет дерегіне сүйенсек, өртті сөндіру кезінде 17 өрт сөндіруші зардап шеккен, олардың екеуі ауруханаға жеткізілді.

Ауқымды өрт 30 сәуір күні таңертең басталды. Куәгерлер өрттің қатты ыстық пен желдің әсерінен тез таралғанын хабарлаған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.