Аймақинфо- ақпараттық портал

Оңтүстік Кореядағы саяси дағдарыс: Президент міндетін атқарушы мен қаржы министрі отставкаға кетті

0 6
Бұл туралы Yonhap агенттігі мәлімдеді

Оңтүстік Корея президентінің міндетін уақытша атқарып жүрген Хан Док Су отставкаға кетті. Оның ізінше қаржы министрі Чхве Сан Мок та қызметінен бас тартты

Хан Док Су бұл шешімін халыққа арнаған үндеуде мәлімдеді. Осы арқылы ол президенттік сайлауға қатыса ма деген алыпқашпа сөздерге нүкте қойды.

«Осындай қиын кезеңде арқалаған жауапкершілігім менің ұзақ әрі байыпты ойлануыма себеп болды. Егер осы шешімнен басқа жол болмаса, мен соны қабылдауға дайынмын», – деді ол.

Енді Хан Док Су президенттікке өз кандидатурасын 2 мамырда ресми түрде жариялайды деп күтілуде.

Айта кетейік, Хан Док Су – елде либерал да, консерватор президенттер тұсында премьер-министр болған тәжірибелі саясаткер. Бұған қоса, ол АҚШ-та елші қызметін атқарған. Қазір ол оңшыл күштердің басты үміткері саналады және Демократиялық партия атынан сайлауға түскелі отырған Ли Чжэ Менге қарсылас болуға дайын.

Хан қызметінен кеткен соң, уақытша президент лауазымын қаржы министрі және экономика жөніндегі вице-премьер Чхве Сан Мок иеленуі тиіс еді. Алайда 1 мамыр кешінде ол да отставкаға кетті. Бұл шешім Ұлттық ассамблея оның импичмент мәселесін дауысқа салуға бірнеше минут қалғанда қабылданды.

Елде президенттік сайлау 3 маусымға белгіленген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.