Мониторинг жұмыстары жүргізілді
Өткен аптада Жамбыл облысына іссапармен келген AMANAT партиясы ұйымдастыру және аумақтық жұмыс департаментінің инспекторы Айбек Сатқали ауданымызға ат басын бұрып, партия Талас аудандық филиалының жұмысымен танысты.
Мониторинг жұмыстары барысында AMANAT партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Талас ауданы бойынша жол картасындағы көрсеткіштердің және партиялық жобалар аясындағы шаралардың орындалуы қаралды.
Іссапар барысында Айбек Сатқали Қаратау қаласында қайта жаңғыртудан өткізіліп жатқан, жалпы құны 1133,0 млн. теңге құрайтын Арбатас, Тамды әулие көшелері және И. Панфилов атындағы көшесіне асфальт төсеу жұмысымен танысты. Айбек Аманбайұлы сонымен қатар, бұған дейін жалпы құны 960,0 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өткен Б.Момышұлы атындағы көшеде орналасқан 17 үйдің жағдайымен, Ойық ауылындағы Б.Әлменұлы атындағы орта мектептің құрылысымен, жаңадан салынған дене шынықтыру спорт кешені мен Тұрымқұл ауылындағы ауыз су жүйесінің жұмыстарымен де танысып, мониторинг жүргізді.
Ауданға іссапар барысында AMANAT партиясы ұйымдастыру және аумақтық жұмыс департаментінің инспекторы Айбек Сатқалиды партия аудандық филиалының және құрылыс нысандарының жұмысымен AMANAT партиясы Талас аудандық филиалының төрағасы Докторбек Мәселбеков таныстырды.
Эльниза Кемелбаева, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің 3 курс студенті.