Аймақинфо- ақпараттық портал

Туған жерге тағзым. Түлектер тартуы

0 2
Әр жылдары мектеп бітірген түлектердің білім ордаларындағы соңғы қоңырау қарсаңында қайырымдылық жасап, өз ауылының көркейіп-көріктенуіне үлес қосуы жақсы дәстүрге айналды.
Бүгінде елімізде туған жерінің, туған ауылының барын бағамдап, жоғын түгендеуге, перзенттік борышын өтеуге ниетті азаматтар қатары көбейіп келеді. Бұл, әрине қуантарлық жайт. Әсіресе, мектеп бітіргендеріне 10, 20, 30, 40 жыл болған азаматтардың туған жеріне, туған ауылына тарту жасауға деген ниетінің артуы, осындай игілікті іске жыл өткен сайын бейімделіп келе жатқандығы қуантады. әрі бұл дәстүр ауылдық жердің әлеуетін көтеруге айтарлықтай ықпал етуде.
Биыл да Ақкөл ауылдық округінің түлектері туған ауылына тарту жасап, ауылдастардың алғысын алды. Аталмыш ауылдағы білім ұясынан 2005 жылы түлеп ұшқан, биыл 20 жылдықты атап өткен түлектер «Балалар ойын алаңын» салып, Ақкөл ауылын көріктендіруге өз үлестерін қосты. Жалпы құны 8 миллион теңге тұратын балалар ойын алаңына LED экран, келушілер демалатын арнайы орындықтар мен балаларға арналған түрлі әткеншектер, алаңшалар, жарықшамдар орнатылып, жеміс ағаштары мен шыршалар егілді, газон төселді. Түлектер тарту еткен «Балалар ойын алаңының» ашылу салтана­тына аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков қатысты. Нысанның лентасын ауыл ақсақалдары Бостандық Темірбеков, Тілеулес Сәбденов, Ақкөл ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Досболат Туғанбаев пен Талас ауданының Құрметті азаматы Жалғасбек Тәукебаев қиып, туған жерді түле­туге ниет білдірген аза­маттарға, осы нысанның бой көтеруіне себепші болып, демеушілік жасаған 2005 жылғы түлектерге алғыс білдіріп, ақ батасын берді.
Мектеп бітіргендеріне 20 жыл болған түлектердің ұйымдастыруымен сол күні сонымен қатар спорттық ойындардан сайыстар өттіп, ауыл мешітінде ас берілді. Ақкөл ауылындағы білім ұясынан түлеп ұшқандарына биыл 30 жыл толған түлектер аталмыш ауылдағы 2 отбасының үйіне көгілдір отын тартуға көмектесіп, қазақ күресінен жарыс ұйымдастырды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.