Қысқы маусымға дайындық жайы пысықталды
Еліміздің кейбір өңірлерінде қыркүйектің соңында-ақ қатал сыншы қыстың хабары сезілуде. Демек, дәл осы кезден бастап қыстан қысылмай шығудың барлық қам-қарекеті жасалуы тиіс. Ал республикалық маңызы бар және жергілікті мәндегі автомобиль жұмыстарын күтіп-ұстау жұмыстары басты назарда болғаны жөн.
Қазіргі таңда жауапты мамандардан құралған арнайы комиссия Жамбыл облысының аумағындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстары бойынша қар тазалау техникаларының әзірлігін тексеріп жатыр. Бұдан бөлек қыс мезгілінде тайғаққа қарсы материалдар қоры мен өндірістік базалардың дайындығы да пысықталуда.
Комиссия құрамында «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Жамбыл облыстық филиалы мен «ҚАЖсервис» ЖШС өкілдері, өңірлік полиция департаментіне бағынысты әкімшілік полиция басқармасы және «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» облыстық филиалының қызметкерлері бар. Мамандар қысқы кешенді жол-көлік техникаларының жай-күйін көзбен көріп, олардың ақ қар, көк мұзға дайындығына зерделеу жұмыстарын жүргізді. Бұл шара кең ауқымды кешенді жоспарды қамтиды.
Жалпы, табиғат тосын мінез танытса да, сала мамандары бел шеше күресуге сақадай сай. Ал атқарылған жұмысқа алдағы қыс сыншы болмақ.