Аймақинфо- ақпараттық портал

Жылыжайдан алғашқы өнім жиналды

0 11
Қаратау қаласында «Ауыл аманаты» жобасы аясында табысты кәсіпкерлік бастамалар жүзеге асуда. Мәселен, жергі­лікті тұрғын Мақсат Абдалиев Тараз «ӘКК» арқылы 2,5% жеңілдікпен несие алып, жалпы 90 шаршы метр аумақта жылыжай салып, қияр өндіруді жолға қойды.
Аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков пен аудандық мәслихаттың төрағасы Қадірбек Садубаев арнайы ат басын бұрып жылы­жай жұмысымен танысты.
Жылыжай заманауи тамшылатып су­ғару жүйесімен жабдықталған. Мақсат Серікұлы жобаны зайыбы Арайлым Бақытқызымен бірге дамытып келеді және алғашқы өнімін алды. Алдағы уақытта өндіріс көлемін арттырып, қосымша 4–5 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр. Олар алдағы уақытта атқарылуға тиіс жұмыстар барысымен де таныстырды.
Қаратау қаласында осындай ілкімді істердің артуы — өңірдің экономикалық дамуына айқын үлес қосары анық.
Серік Тәжібаев,
Талас ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.
Leave A Reply

Your email address will not be published.