Аймақинфо- ақпараттық портал

Жерлесіміз үздік ойыншы атанды

0 18
Шымкент қаласында волейбол­дан Қазақстан Республикасының жастар мен жасөспірімдері ара­сында ел чемпионаты өткені белгілі.
Еліміздің барлық өңірінен қа­тысқан спортшылар бәсі биік бә­секе барысында өздерінің мықты дайындықтарын көрсете білді.
Десек те, барлық кездесуле­рін­де шебер ойындарымен ерекшелен­­ген Жамбыл облысының коман­да­сы жеңіс тұғырына көтерілді.
Жанкүйерлер тарапы да жерлес­теріміздің жойқын шабуылдары мен үздік қорғаныстарына тәнті болды.
Құрама сапында команда же­ңісіне елеулі үлес қосқан Қы­зыләуіт ауылының тумасы, жерлесіміз Төлеген Бақдәулет чем­пионаттың үздік ойыншысы деп танылды.
Жерлесімізге алдағы бәсекелер барысына да сәттілік тілейміз.
Leave A Reply

Your email address will not be published.