2026 жылдың 23 тамызына белгіленген Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың «Aymaqinfo.kz» ақпараттық сайтында сайлауалды материалдарына орын берудің тәртібі мен талаптары, ақы төлеудің көлемі туралы АҚПАРАТ
Үгіт материалдарын жариялаудың тәртібі
«Aymaqinfo.kz» ақпараттық порталының әкімшілігі үгіт материалдарын жазбаша өтініш түскеннен кейін кезегіне қарай жариялайды. Егер өтініш бір уақытта түссе, жариялаудың кезегі жеребе арқылы шешіледі. Өтініш түскеннен кейін «Aymaqinfo.kz» ақпараттық порталының әкімшілігі материалдың ақысын төлеу және интернет- ресурста орын берудің бағасы туралы екіжақты келісім-шарт жасалады.
Үгіт материалдары интернет -ресурста «Aymaqinfo.kz» ақпараттық порталының есепшотына ақысы толық түскеннен кейін ғана жарияланады.
Сайлауалды үгіт 2026 жылдың 23 шілдесі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-ден басталып, 2026 жылдың 22 тамызы күні жергілікті уақыт бойынша сағат 00:00-де аяқталады.
Үгіт материалдарын беру тәртібі
Үгіт материалдарының мәтіні «Aymaqinfo.kz» ақпараттық порталының жарнама бөліміне 3 жұмыс күні бұрын ұсынылуы тиіс.
Материал мәтіні қағазға басылып, қол қойылуы тиіс. Міндетті түрде электрондық нұсқасы болуы тиіс. Материалдың бір жазбаша нұсқасы күні, уақыты, тіркеу нөмірі көрсетіліп, сайттың жарнама бөлімінде тіркеледі, екіншісі тапсырыс берушіде қалады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкес келмейтін үгіт материалдары қабылданбайды.
Үгіт материалдарын жариялау ақысын төлеу тәртібі
Үгіт материалдары жарияланғанға дейін 100 пайыздық ақысы төленуі тиіс. Ақы төлеу «Aymaqinfo.kz» ақпараттық порталының реквизиттері арқылы жүргізіледі.
2026 жылдың 23 тамызына белгіленген Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың үгіт материалдарына орын беру туралы
ПРАЙС-ПАРАҚША
Үгіт материалдарына орын беру бағалары
1 (бір ) PR-мақаланы орыс және қазақ тілдерінде дайындау және орналастыру: 2000 ( екі мың) таңбадан артық емес – 50000 ( елу мың) теңге.
1 (бір ) PR-мақаланы қазақ және орыс тілдерінде дайындау және орналастыру: 3500 ( үш мың бес жүз ) таңбадан артық емес – 150000 (жүз елу мың ) теңге.