Аймақинфо- ақпараттық портал

Пхеньян қаласы жедел респираторлық инфекцияның өршуіне байланысты карантинге жабылды

Пхеньяндықтар үйден шықпай, дене қызуын үнемі тексеріп тұруы керек. Бұл қалада соңғы сегіз айда алғаш рет карантин шектеуң енгізілді

0 7
Солтүстік Корея билігі сәрсенбіден бастап Пхеньян қаласының тұрғындарына бес күндік карантин режимін енгізуді бұйырды. Бұған жедел респираторлық аурулардың көбеюі себеп болып отыр, деп жазды NK News.
Пхеньяндықтар тауар мен дәрі-дәрмекті жаппай сатып ала бастады.
Ел билігі қазір астанада кәдімгі тұмау кең таралып жатқанын мәлімдеді, бірақ COVID-19 туралы ештеңе айтылмайды.
Өткен тамыз айында Солтүстік Корея елде COVID-19 вирусы толығымен жойылғанын хабарлады. Соңғы рет карантин 2022 жылғы мамырда енгізілді, ол екі аптадан астам уақытқа созылды.
Билік сонымен қатар COVID-19 індеті туралы қауесет таратып, тапшы дәрілерді заңсыз жолмен сатуға тырысқандар өлім жазасына кесілетінін ескертті.
Leave A Reply

Your email address will not be published.