Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап бере отырып, «9-20-25» бағдарламасының қашан іске қосылатынын айтты.
«Сұрағыңызға қысқаша жауап берейін. Аталған бағдарлама іске қосылады. Республика бюджеті мен «Отбасыбанктің» бірлесіп қаржыландыруы арқылы іске қосылады. Сондықтан Әлихан Асханұлы (бұрынғы Премьер-Министр – ред.) айтқан мәселе пысықталған. Ол белгіленген мерзімде іске асырылады», — деді Роман Скляр.
«Яғни, бағдарлама 1 наурыздан бастап іске қосылады деп топшылайсыз ба?» — деген сұраққа бірінші вице-Премьер басын изеп жауап берді.