ВЕНЕЦИЯДА ҚАЗАҚСТАН ПАВИЛЬОНЫ АШЫЛАДЫ
Венеция өнер биенналесінде Қазақстанның ұлттық павильоны ашылады.
Оған жас, дарынды суретшілердің ең үздік туындылары қойылмақ. «Жерұйық: көкжиекке көзқарас» деп аталатын бұл павильонда ежелгі аңыздардың заманауи көрінісі қамтылады. Онда, Асан қайғының арман еткен жерұйығы жай ғана қиял емес, суретшілердің нағыз туындысы ретінде бейнеленеді. Одан бөлек, көрмеде ұсынылатын экспонаттар арасында утопия әлеміне апарар, дыбыстық инсталяциялар да бар. Көрме 7 ай бойы Венециядағы «Navale» тарихи ғимаратында өтеді. Оған әлемнің түпкір-түпкірінен өнер сүйер қауым жиналады. 2022 жылдың өзінде, бұл көрмеге 800 мыңнан аса адам қатысқан.
Данагүл Төлепбай, ұлттық павильонның кураторы:
— Қазіргі заманауи суретшілер, видео-арт, саунд-арт суретшілердің жұмыстарын көрсеткіміз келді біздің мақсатымыз. Көрме суреттерін әлемге паш етуге мүмкіндік беріп отыр.