Аймақинфо- ақпараттық портал

Кеңейтілген кеңес отырысы өтті

0 13
Тараз қаласы әкімдігінің мәжіліс залында Жамбыл об­лыстық аумақтық сайлау ко­миссиясының ұйымдас­ты­руымен сайлаушылардың тір­келген жері бойынша мекенжай тіркелім кодтарын (РКА) тиісті сайлау учаскелеріне бекіту жұмыс­тарын ұйымдастыру тура­лы кеңейтілген кеңес өткізілді.
Кеңеске Жамбыл облысы әкімінің бас инспекторы Ж.Әбдіхалықов, облыс әкімі аппара­тының ақпараттық техно­логия­ларды дамыту бөлімі­нің басшысы В.Калашников, «ҚР ОСК ИТО» РМК-ң облыс бойынша өкілі А.Асқарбеков, Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Б.Ембаев, Азаматтарға арналған үкімет корпорациясының облыстық филиал өкілдері, аудандар мен Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары қатысты.
Өңірдегі сайлаушылар тізім­дерін бастапқы дереккөздер негізінде қалыптастыру процесін жетілдіру, әр сайлаушының мәліметтеріне тұрғылықты мекен -жай тіркелім кодтарын енгізу және сайлау учаскесінің аумағында яғни, шекарасында орналасқан барлық ғимараттардың мекен -жай тіркелім кодтарын енгізіп, сайлау учаскесіне бекітілуін қамтамасыз ету мақсатында өткен жиында бірқатар мәселе­лер қаралды. Негізгі жұмысты үйлестіруші жергілікті атқарушы органдар болғандықтан, облыс көлемінде жұмысшы топ құрылып, оған барлық деңгейдегі аппарат басшылары, сәулет және қала құрылысы, цифрландыру басқармалары, азаматтарға арналған үкімет корпарациясы және құзырлы органдар енгізілді. Мәліметтердің дұрыс енгізілуін қамтамасыз ету аумақтық сайлау комиссияларымен жүргізілді.
Жиында облыстық сайлау комиссиясының мүшелері мекен-жай тіркелім кодтарын тиісті сайлау учаскелеріне бекіту жұмыста­рының барысы туралы баяндама жасап, мекен -жай тіркелім кодтарын (РК) тиісті сайлау учаскелеріне бекіту жұмыстарын жүзеге асыру барысында техникалық тұрғыда немесе басқа да жағдайлар бойынша орын алған кедергілер мен оларды шешу жолдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұл бағытта атқарылған жұмыстар бойынша Тараз қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің маманы өз тәжірибесімен бөлісті.
Кеңес жұмысын қорытын­дылай келе Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов жергілік­ті атқарушы орган өкілдеріне нақты ұсыныстар берді.
Жиын соңында кеңес хатта­масына сайлаушылар тізімі мен мекен-жай тіркелімі дерек­тер базасын нақтылау жұмыстарын аумақтық сайлау комиссияларына жергілікті атқарушы органдармен бірлес­кен жұмысты күшейту туралы тапсырма енгізілді.
Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы.
Leave A Reply

Your email address will not be published.