Облыс чемпионатынан олжамен оралды
Түрлі деңгейлердегі жарыстарда бақ сынап жүрген балғын боксшыларымыз үшін биылғы жыл сәтті басталды. Мұның алдында №32 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері Жамбыл ауданының жас боксшыларымен біріккен оқу-жаттығу жиынында шеберліктерін шыңдаған болатын. Тыңғылықты дайындық болашақ жарысқа көп көмегін тигізді.
Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткен бокстан 2010-2011 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасындағы облыс чемпионатына №32 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен 10 бала қатысып, оның 5-і тұғыр биігінен көрінді.
Төрт күнге созылған чемпионатта Тараз қаласы мен он ауданнан 243 спортшы бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша 46 келі салмақта Нұрасыл Бегалиев пен 67 келі салмақта аудан намысын қорғаған Нұрасыл Оразәлі чемпиоанттың алтын медалін иеленді. Жерлестеріміз үшін олжа оңай келген жоқ. Н.Бегалиев төрт жекпе-жек өткізіп барлығын өз пайдасына шешсе, ауыр соққыларымен үш кездесуді мерзімінен бұрын аяқтаған Н.Оразәлінің жеңісін төрешілер бірауыздан мойындады. Ал, Илья Мальцев(33 келі), Нариман Абирбек (61 келі), Арнұр Дөнес (70 келі) үздік үштікке еніп, облыс чемпионатының қола жүлдесін иеленді.
Тұғыр биігінен көрінген спортшыларымыз спорт шеберлігіне үмірткер нормативін орындап қана қойған жоқ, алдағы уақытта Қазақстан Республикасы чемпионатында, ел біріншілігінде олбыс құрама сапында өңір намысын қорғайтын болады.

Все реакции:
Сабен Койшыбай и ещё 1