Аймақинфо- ақпараттық портал

Қызылша

0 6
Қызылша — жай ғана балалар ауруы емес, бұл ауа тамшылары арқылы жұғатын әлемдегі ең жұқпалы дерттің бірі, ол түшкіру, жөтелу және жақын қарым-қатынас арқылы беріледі.
Вирус ауада және үстіңгі қабаттарда екі сағатқа дейін белсенді болып қалады, ауа ағынымен, мысалы, желдету жүйелері арқылы өте оңай таралады, сондықтан гигиенаны сақтау қызылшадан қорғануға көмектесе бермейді. Ауру адам денесінде бөртпе пайда болғанға дейін және ол жоғалғаннан кейін төрт күнге дейін ауруды таратушы болып қала береді.
Егер қызылша ауруының белгілері тек бөртпе мен жоғары дене қызуымен шектелетін болса, соншалықты қорқынышты болмас еді. Қауіптілігі сол — індетке шалдыққандардың үштен бірінде болатын асқыну жағдайлары. Көбінесе бұл бес жасқа дейінгі балаларда және жиырмадан асқан ересектер арасында кездеседі. Науқастарда құлақ инфекциясы дамуы мүмкін, бұл есту қабілетінің жоғалуына, сондай-ақ диареяға әкеледі. Жиырма баланың бірінде пневмония, ал мыңнан бірінде энцефалит дамуы мүмкін.
Қызылшамен ауырған адам жеті немесе он жылдан кейін сол дертті қайтадан жұқтыруы мүмкін. Бұл склерозды панэнцефалит-мидың прогрессивті ауруы. Ақыл-ой қабілетінің нашарлауы мен құрысуларға және әдетте өлім жағдайларына соқтырады. Жүкті әйелдер үшін қызылша аса қауіпті, себебі ол мерзімінен бұрын босануға немесе салмағында ақауы бар баланың туылуына әкелуі мүмкін.
Қызылша белгілері бірден пайда болмайды, инфекция жұқтырғаннан бастап бір-екі аптадан кейін байқалады және олар жедел респираторлық вирустық инфекцияға ұқсас келеді: температура көтеріліп, көз қызарып, ылғалданады, жөтел пайда болып, мұрыннан су ағады. Алғашқы белгілер байқалғаннан бастап екі-үш күн өткен соң ауыздағы шырышты қабықта Коплика дақтары — қызыл шекарасы бар кішкентай ақшыл-сұр дақтар пайда болады.
Көп жағдайда олар беттің ішкі қуысында, төменгі азу тістердің артында орналасады. Бұл қызылшаның ең ерте көрінетін және айқын симптомы. Ауру басталғаннан кейінгі үшінші немесе бесінші күндері аурудың екінші кезеңі басталады — бөртпелер.
С.Алибаева,
Жамбыл облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
басшысының орынбасары.
Leave A Reply

Your email address will not be published.