ТАЛАСТА АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ АЙРЫҚША АТАЛЫП ӨТТІ
Ынтымақтастық пен ізгілікке, татулық пен бірлікке бастайтын бұл күні түрлі форматта мерекелік шаралар өтуде.
Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығында өткен шараға аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков қатысып, мерекемен құттықтады.
— Баршаңызды 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Алғыс айту күні – ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенім мен барлық Қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған қастерлі күн. Ауданымыздағы жиырмадан астам ұлттық этнос өкілдері бұл күнде қазақ халқына деген ризашылықтарын жүрек төріне ұялата жүріп, аудан экономикасын дамыту жолында бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай болып жұмыла еңбек етуде. Жергілікті ұлт өкілдерінің де өзге ұлт өкілдеріне деген құрметі ерекше, — деді аудан әкімі.
Мерекелік концерт аясында біршама азаматтар аудан әкімінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен марапатталды.
Шара этнос өкілдерінің мерекелік құттықтауымен жалғасты. Сонымен қатар, түрлі ұлтпен ұлысқа арналған көрмелер ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері және этномәдени бірлестік өкілдері әннен шашу шашып, тамаша өнерлерін көрсетті. Шара соңы жергілікті өнерпаздардың концертіне ұласты.
___________________________