Аймақинфо- ақпараттық портал

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРІМЕН КЕҢЕЙТІЛГЕН ЖИЫН ӨТТІ

0 16
Аудан әкімі Нұрбол Жүнісбековтың төрағалығымен Талас ауданындағы ауылшаруашылығы тауар өндірушілерімен кеңейтілген жиын өтті.
Басқосуға ауыл шаруашылығы саласын жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары, сонымен қатар, аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм, жер қатынастары бөлімдерінің басшылары, ауылдық округ әкімдері және аудандағы ауыл шаруашылық тауар өндірушілері мен кәсіпкерлер қатысты.
Жиналысқа арнайы Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармаларының, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының сонымен қатар, жеңілдетілген несие, лизингке техника алу бойынша облыстық филиалдар мен екінші деңгейдегі банктердің өкілдері келіп, маңызды, керекті ақпараттарымен бөлісті. Өз кезегінде ауылшаруашылығының өкілдері лизингкке техника алу, су бұрғылау, жеңілдетілген несие және салаға қатысты өзгеде сауалдарын жолдады.
Жиында Қазақстан Республикасы Президентінің ауыл шаруашылығының жалпы өнімін 2 есеге арттыру бойынша тапсырмасын іске асыру мақсатында, агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік қолдаулар, мемлекеттік бағдарламалар мен өзгерістер, жеңілдетілген несие, су үнемдеу технологиялары мен жылыжайлар, ауылшаруашылығы техникаларына лизинг бағдарламасы қарастырылды.
_________________________
Все реакции:

2

Нравится

Комментировать
Поделиться
Leave A Reply

Your email address will not be published.