Аймақинфо- ақпараттық портал

Ел чемпионатынан жеңіспен оралды

0 18
Ойлылар ойыны саналатын дойбыдан жерлестеріміздің жеткен жетістіктері аз емес. Тәжірибелі спортшыларымыз талай дүбірлі додада топ жарып, тұғыр биігінен көрініп жүргенін бұдан бұрын да жазғанбыз. Белгілі жаттықтырушылар Берік Пшанов пен Жаухар Дәуренбековадан шеберлігін шыңдаған жастар Жамбыл облысы құрама сапында өнер көрсетіп, мықтылығын мойындатып келеді.
Қаратаулық дойбышылар жуырда Шымкент қала­сында өткен Қазақстан Рес­пуб­ликасы чемпионатында күт­кен үдеден көрініп, арт­қан се­німді толығымен ақта­ды.
Он күнге созылған бәсеке ерлер, әйелдер және жастар арасында ұйымдастырылды. Өңір намысын қорғаған қаратаулық Арайлым Мейірбек жастар арасында дойбының классика түрінен жеңімпаз атанды. Ал, Динислам Мейрамбекке сәл ғана сәттілік жетіспегенімен, чемпионатты 2-орынмен аяқтады. Сондай-ақ, осы жарыс­та жастар арасында бақ сынаған Дариға Базарқұл үздік үштіктен көрініп, көптің мерейін өсірді.
Жалпы, Жамбыл облысы құрамасынан ел чемпио­натына қатысқан төрт спорт­шы да жүлделі орын­дар­дан көрінді.
Ал, тұғыр биігінен көрін­ген жерлесіміз Арайлым Мейірбек алдағы сәуір айын­да Ташкент қаласында өте­тін Азия чемпионатында ел намы­сын қорғайтын болады. Арайлымға сәттілік серік болсын дейміз.
Leave A Reply

Your email address will not be published.