Аймақинфо- ақпараттық портал

Тіршіліктің тірегі — Әйел-Ана

0 13
Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Әлемнің тірегі — ана, жүрегі — қыз» атты салтанатты кеш өтті.
Салтанатты шарада аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков ақ жаулықты әжелер, асыл аналар мен қыз-келіншектерге мерекелік құттықтауын жеткізіп, ыстық-ықыласын білдірді.
— Көгілдір көктеммен жарыса келетін бұл күн, барша адамзатқа қуаныш сыйлайтын айрықша мереке. «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген сөз де тегін айтылмаған. Ана — өмірдің гүлі, тіршіліктің нұры, мейірім мен ізгіліктің жаршысы. Еліміздің өркендеуі мен ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық даму жолында, әр салада ардақты аналарымыз, аяулы қарындастарымыз аянбай еңбек етіп жүр. Ер азаматтармен қатар қоғамның жүгін қайыспай көтеріп, Тәуелсіз еліміздің дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді. Көк­темнің осы шуақты мереке­сінде көңілде­ріңіз нұрға, жүрек­теріңіз жырға бөленсін!, — деді аудан басшысы.
Сөз жалғаған аудандық мәслихат төрағасы Кәдірбек Садубаев та қай салада болмасын әйел азаматтардың үлкен еңбекқорлық танытып, қызмет­терін қалтқысыз атқарып, соны­мен қатар, үй шаруасын да дөңгелетіп отыр­ғандығына тоқта­лып, аналарға зор алғысын білдірді.
Мерекелік шара барысында ауданымызда түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген біршама әйел азаматтар облыс әкімінің Құрмет грамотасы, Алғыс хатымен, аудан әкімінің Құрмет грамотасы, Алғыс хатымен және аудандық мәслихаттың Құрмет грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ, алтын құрсақты көпбалалы аналарға «Алтын алқа», облыстық спар­такиадада жеңіс тұғырыннан көрін­ген аруларға медальдар табысталды.
Мұнан соң бірде-бір бос орын болмаған концерт залында Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығының өнерпаздары мерекелік әсем әндер орындап, қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Залдағы барша аналар мен қыз-келіншектерге мерекелік гүл шоқтары тарту етілді.
Нравится

Комментировать
Leave A Reply

Your email address will not be published.