Ақиық ақынға құрмет
Күләш Ахметова — күллі қазақтың аяулы перзенті, өзіндік өрнегімен өлең өлкесінде із қалдырған ақиық ақын.
Ал оның Талас топырағынан түлегендігі өңірдегі қалам ұстап жүрген жастарға қанат бітірсе, жалпы жырсүйер қалың оқырманға үлкен мәртебе. Өскен елге деген сағыныш, халыққа деген құрмет қаламгерді туған жерге жақындатты, тұрақтатты. Қазір Тараздағы ақынның шаңырағы үлкеннің де, кішінің де аялдайтын, қанаттанып, қайрат алып қайтатын руханият ұясына айналған.
8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Күләш Ахметованың шаңырағына арнайы барып мерекемен құттықтады, емен-жарқын әңгіме құрды.