Аймақинфо- ақпараттық портал

АУДАН ӘКІМІ ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

0 15
Аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков Талас ауданында жұмыс жасап жат­қан инвесторлармен кездесу өткізді.
Басқосуға «Talas Investment Com­pany» ЖШС бас директоры Омаров Мерей, «AsiaChem» тыңайтқыш өңдеу зауыты директорының орынбасары Есжанов Жасұлан, «Alina Group» ЖШС Қаратау филиалының басшысы Ташимов Марат, сондай-ақ «Жамбыл Недр» ЖШС өкілі Омаров Марат және «Karatau chemicals» ЖШС өкілі Мадемаров Нұрбол қатысты.
Кездесу барысында инвестиция тартуға мемлекет тарапынан көрсеті­летін жеңілдіктер, кәсіп­керлікті дамыту бойынша қолдау шаралары айтылды, сонымен қатар, шешімін күткен мәселелер де қарастырылды. Талас ауданын өркендетуге қатысты ұсыныстар, жобалар талқыланды.
Натрий цианидін өндіретін «Talas Investment Company» кә­сі­порны 2014 жылдан бастап іске қосылған. Қазіргі уақытта қа­лып­ты режимде жұмыс жасауда. 300 адам жұмыспен қамтылған. Өндіріс қуатын 30 мың тоннаға дейін жеткізу мақсатында натрий циа­нидін өндіретін зауыттың екін­ші ке­зеңінің құрылысы жүруде.
Қаратау қаласында орна­ласқан «AsiaChem» фосфор тыңайт­қышын өңдеу зауытында 230 адам жұмыс атқаруда. Негізгі қызметі фосфор тыңайтқышын өңдеу болып табылады. Сонымен қатар, «Alina Group» ЖШС Қаратау филиалыда өз қызметін жүзеге асыруда. Зауыт мәрмәр өнімін шығарады. Жалпы қуаттылығын 110,0 мың тоннадан 190,0 мың тонна­ға жеткізу мақсатында жұ­мыс­тар атқарылуда. Жоба жүзе­ге асса 25 адам жұмыспен қамтылмақ.
«Karatau Chemicals» ЖШС пиросульфит өңдеуді жүзеге асырады. Зауыт жылына 25,0 тонна пиросульфит натрий өндіруге қауқарлы. Бүгінгі таңда 30-дан астам адам жұмыс жасауда.
«Жамбыл Недр» ЖШС 2015 жылы құрылған. Зауытта 150 адам қызмет етуде. Қазіргі уақытта М400, М500 маркалы цемент өндіруде.
Басқосуды қорытындылаған Нұрбол Әбдімәжитұлы сөз етілген жобалардың барлығы да аудан үшін аса маңызды екенін, соның негі­зінде жаңа жұмыс орындары ашы­лып, бюд­жетке салық түсімі тұрақта­натынын, жалпы алғанда өңір­дің әлеу­мет­тік-экономикалық да­му дең­гейі жақсара түсетінін атап өтті.
Leave A Reply

Your email address will not be published.