Аймақинфо- ақпараттық портал

Таластан Ақтөбеге гуманитарлық көмек жіберілді

0 14
Биылғы түскен қа­лың қар мен ерте көктемнен басталған толассыз жауын елі­міздің бірқатар өңір­лерінде су тасу қаупін үдетті.
Олардың қатарын­да Қостанай, Солтүс­тік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павло­дар, Қарағанды, Абай, Ақмола облыс­тары бар. Әсіресе сарқынды судан Ақ­­тө­бе облысының хал­қы қатты зардап ше­гіп жатыр. Мұнда аудан­дар­мен қатар Ақ­төбе қаласында да су деңгейі көтеріліп, тұр­ғындарды әбігерге салуда.
Көптің басына түс­кен қиындыққа бей­жай қарамаған азаматтар қолдан келгенше көмектерін танытып жатыр. Ел­ге ортақ, сауапқа толы қайырымдылық шараларынан қара­тау­­лықтар да тыс қалған жоқ. «Қа­ратау қайырым­дылық қорының» ұйымдастыруымен қала әкімі аппараты, білім беру, құқық қорғау және әлеу­меттік қызмет көр­сету мекемелері ма­ман­дарының, сонымен қатар қала тұр­ғындары өз тарап­та­рынан жылу жи­нап, гуманитарлық көмек тиел­ген көлікті Ақ­төбе облысына жөнелтті.
Екі жарым тон­наны құрайтын жүктің қатарында күнде­лікті тұтынатын азық-түлік өнімдері, гигиеналық заттар мен киімдер бар.
Leave A Reply

Your email address will not be published.