Аймақинфо- ақпараттық портал

Арман — алға жетелейтін күш

0 10
Арман- әр адамның қиялы мен қалауынан туған биік шың. Ол адам жасымен өзгеріп отыратын, алға жетелейтін күш. Кей адамдар арманды қиялдың жетегінде кеткен орындалмас нәрсе деп ойлайды. Бірақ бұл олардың қатты қателескендіктерінің белгісі. Егер адам ең бірінші армандап, сол арманды алдына мақсат қылып қойса, мақсаты айқын болса, арман орындалады.
Менің де алдыма қойған мақсаттарым,қиялымда тамырын кеңге жайған арманым бар. Ол арманым- қазақ халқын күллі әлемге танытатын журналист болу. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне оқуға түсіп, Дүниежүзі журналисттерінің ең ірі бірлестігі, яғни Халықаралық журналистер бөлімінің мүшесі болып, қазақ елінің беделін әлемдік деңгейдегі елдермен теңесуіне өз үлесімді қосу. Бұл ой маған қиялымнан, не болмаса, ата-анамның қалауынан келген жоқ. Дегенмен, шабытымның басылмауыма, өлең жолдарын жаттап, айнаның алдында тұрып, өзімді құдды бір атақты журналистке ұқсатып армандауымды тоқтатпадым. Тоқтай алмадым. Мектеп қабырғасында жыр сайыстарына қатысып жүріп, сол бір сан жылдар бұрынғы бала шағымдағы жалынның қайта тұтанған жайы бар. Содан әдеби кітап жазып шығаруды арман қылдым.
«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап…» деп талмай еңбектеніп, қажырлы жұмыс жасап, бойымдағы шығармашылық қабілеттерімді дамытып, арманыма қадам жасап келемін. Және өзіме осы арманыма жетемін деп мақсат қойдым. Бірақ тек армандап қана қоймай, осы арманға жетерліктей қадам жасау керек. Ғабидден Мұстафин: «Арман деген көп белес. Біріне шықсаң, бірі бар» — демекші, армандарымыз таусылмай , өмірімізде өз орнын тапсын.
Талшын Айтақан,
А.Даулетбеков орта мектебінің
11 «а» сынып окушысы.
Майтөбе ауылы.
Leave A Reply

Your email address will not be published.