Жамбыл облысында биыл 32 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны құрылады
Халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі қаралған кезекті аппараттық кеңесте Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев: «Салалық басқармалар мен Тараз қаласы және аудан әкімдіктері өзара тығыз байланыста, бірлесіп, нақты нәтижеге жұмыс істеуі тиіс», — деп атап өтті.
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесовтің баяндауынша биыл облыс бойынша 60 672 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарланған.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы 46 942 жұмыс орнын ашу көзделген. Оның ішінде, 31 746 адамды тұрақты жұмысқа орналастыру міндеті тұр.
Биыл 15 197 адамды субсидияланатын жұмыс орындары үшін 13,5 млрд теңге қаралған десек, жыл басынан 9 762 адам (64,2%) жұмысқа тартылған.
Ағымдағы жылы облыс бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарына қайтарымсыз грант беру үшін 1,4 млрд. теңге қаралуда.
Жамбыл облысы әкімдігінің
баспасөз қызметі.