Аймақинфо- ақпараттық портал

Көппәтерлі үй халық игілігіне берілді

0 22
Апта басында Қаратау қаласында тағы бір көппәтерлі тұрғын үй пайда­лануға берілді.
Б.Момышұлы көшесінде орналас­қан 80 пәтерлі тұрғын үйді қайта жаңғырту жұмыстары өткен жылдың тамыз айында басталған болатын. Жалпы ауданы 5091,0 шаршы метрді құрайтын 5 қабатты үйдің жөндеу жұмыстарын мердігер мекеме «CONDOR KZ» ЖШС жүргізген.
Шараға аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков қатысып, тұрғындарды баспаналы болуымен құттықтады.
— Бүгін ерекше күн. Тұрғындар көптен күткен баспанаға қол жеткізді. Шаңырақ-тарыңыздан шаттық, босағаларыңыздан бақыт кетпесін. Әр шаңырақта береке -бірлік, ырыс – ынтымақ салтанат құрсын, — деді аудан басшысы өз сөзінде.
Шарада баспана кілтін аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков, аудандық арда­герлер кеңесінің төрағасы Жұмабек Әсемов және аудандық мәсли­хат төрағасы Қадірбек Садубаев тұрғындарға салтанатты жағдайда табыстады.
Leave A Reply

Your email address will not be published.