Аймақинфо- ақпараттық портал

Бірлік күнін таластықтарда атап өтті

0 14

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай аудандық орталық кітапхананың коворкинг орталығында өзге этнос өкілдерінің қатысуымен мерекелік шара өтті. Шараға аудандағы славян этно- мәдени орталығы сонымен қатар, кәріс ұлтының, күрді ұлтының және неміс ұлтының этно – мәдени орталықтары қатысты. Мерекелік жиынды ашқан аудан әкімінің орынбасары Айтолқын Әбдібекова барша қазақстандықтарға мерекелік лебізін арнады.

-Ынтымақ пен ырыс, татулық пен тұрақтылық – біздің  ең асыл құндылығымыз. Бірлігі бекем елдің – болашағы берік, бұл бүгінгі баға жетпес байлығымыз. Өңір халқы үшін бұл мерекенің орны ерекше. Бүгінгі біздің қоғамдағы халықтар достығы – Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпыұлттық келісімнің керемет көрінісі. Ал, ұлтаралық және конфессияаралық келісім, өзара түсіністік пен сыйластық – қоғамның қастерлі қағидасына айналды. Ауданымызда жұмыс жасайтын этно- мәдени орталықтар аймақтың рухани өміріне өзіндік үлестерін қосып, татулықтың озық үлгісін көрсетіп  келеді, — деген Айтолқын Серікқызы бірлігі жарасқан аудан халқын мерекемен құттықтады.

Шара барысында сондай-ақ, ауданымыздағы кәріс, неміс, славян, күрді ұлттарының этно- мәдени орталықтарының жетекшілері мен өкілдері сөз алып, бейбіт өмірдің ұйтқысы болған қазақ халқына алғыстарын жеткізді.

Шара соңы аудандық орталық кітапана қызметкерлері мен  Ұлбике ақын

Leave A Reply

Your email address will not be published.