Жерлесіміз үздік дәрігерлер қатарында
«Денсаулық саласындағы үздік ұйымдастырушы» атты медициналық қызметкерлер арасында облыстық байқаудың жүлдегерлері анықталды.
Салтанатты рәсімге облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, үздік деп танылған сала қызметкерлеріне марапаттарды табыс етті.
Білікті дәрігерлер байқауында бақ сынаған аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Мұратқали Отыншиев «Үздік сарапшы» номинациясын иеленді.