Аймақинфо- ақпараттық портал

Қазақ қызы – Эверест шыңында

0 15
Гималай тауларында орналасқан Эверест шыңының биіктігі – 8848 метр. Шың Непал мен Қытайдың (Тибет автономиялы ауданы) шекарасында орналасқан.
12 мамыр күні Непал уақытымен сағат 07:25-те құрамында Анар Бурашева мен Мақсат Жұмаев бар «Kazakh Everest Team» командасы әлемнің ең биік шыңы – Эверест шыңына сәтті көтерілді. Осылайша Анар Бурашева әлемнің ең биік нүктесіне табаны тиген тұңғыш қазақ қызы атанды.
Шыңға өрмелеп шығуға бес тәулік қажет болған. Биіктікті бағындыру кезінде экспедициялардың көпшілігі ауа райының қолайсыздығына байланысты кері қайтқан. Тек бес елдің альпинистері Эверестке сәтті көтеріле алған.
Эверест шыңына Анар Бурашева мен Мақсат Жұмаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын орнатты.
Leave A Reply

Your email address will not be published.