Аймақинфо- ақпараттық портал

Қаратауда қызғалдақ фестивалі өтті

0 10
Қазақ даласының оңтүс­тік өлкесін бойлап жатқан қырық қатпарлы Қаратау ұлтымыз ұлық тұтқан киелі мекеннің бірі.
Байтақ дала­мыздың көр­кін кіргізіп, ажа­рына әр бер­ген, елге нәр берген таңғажайып мекен жарат­қанның бізге берген үлкен сыйы. Табиғатқа тіл бітсе, тарихтың талай құпиясы ашылар ма еді. Таудың әрбір тасына қарасаң, ішіне бір құпияны бүгіп жатқандай көрінеді. Қарай бергің келеді, жанарыңды жаулай­ды. Көңіліңе қуаныш сыйлайды.
Өзге елдер тас қалашығы мен қызыл құмына, алақандай аймағына туристер тартып, қазынасын молайтып жатыр. Қазынасын ғана толтырмай, өздерінің мәдениеті мен танымын танытып, ұрпағына мол мұра қалдыруда.
Табиғаттың әсем көрінісін әлемге паш етіп, еліміздің туристік бағытын дамыту үшін жүйелі жұмыстар қолға алынып жатқаны белгілі. Дегенмен де кенжелеп жатқаны жасырын емес.
Ауда­нымызға қарас­ты Есейхан ауы­лының аума­ғын­дағы Қара­тау жота­сында қызғалдақтар фестивалі өтті.
Арнайы мем­лекеттік бағдарла-малар шеңберінде ұйымдасты-рылған фести­валге отандық турагенттіктер мен шетелдік туристік агенттіктердің өкілдері, этно­мәдени бағыт­та жұмыс жасай­тын қолөнер­шілер, туризм сласының маман­­дары мен арнайы шақы­рыл­ған қонақтар қатысты.
Жанарды жаулаған қызғал­дақтар фестиваліне жауапты болған аудан әкімдігі кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі шараға тыңғылықты дайындық жасағаны көрініп тұрды. Жотаға тігілген ақшаңқан қазақтың киіз үйлері, тау етегінде самал желмен тербелген алтыбақан, этнобұйымдар қойылған ашық аспан астындағы жәрмеңке табиғаттың ажарын аша түсті. Әсіресе, жергілік­ті жердегі қолөнер шеберле­рінің бұйымдары қонақтарды қызықтыра түсті.
Г.Жолдасбекова, Г.Жаңабай, В.Мұратбекова, Р.Нұрбек және Л.Естебекова сынды шеберлердің қолынан шыққан қазақы тақиялар мен киімдер, балалар киімі, моншақты әшекейлер, үйге арналған жабдықтар, кесте бұйымдары туристерді қызықтырып, өнерлеріне тәнті етті.
Фестивальде Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығының өнерпаздары шырқаған әндер қызғалдағы құлпырған Қаратау жотасын әуезді әуенге бөледі.
Leave A Reply

Your email address will not be published.