Еселі еңбектің еленгені…
21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай мәдениет саласының бірқатар үздік қызметкерлері ведомствалық наградамен марапатталды.
Солардың қатарында Талас аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Шынар Жұмабекова Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев кәсіби мерекеге орай бірқатар мәдениет және өнер қызметкерлерін қабылдап, марапаттарды табыстады. Мәдениет және өнер майталмандарының кәсіби мерекесіне орай сонымен қатар, осы саланың дамуына қосқан қомақты үлесі үшін Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығына қарасты Аққұм ауылдық клуб үйінің меңгерушісі Болсынбек Аманбаев Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Ауданымыздың мәдениеті мен руханиятына сүбелі үлес қосып жүрген, кітапхана ісінің дамуына 30 жылдан аса қажыр- қайратын, күш- жігерін арнап келе жатқан Шынар Шеңгелбайқызын, өнер саласының белді өкілі Болсынбек Тілеуқұлұлын мәртебелі марапатымен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз.