Аймақинфо- ақпараттық портал

Шеберліктерімен ерекшеленді

0 24
Жуырда республикалық «XII жазғы оқушылар гимназиядасы» мәресіне жетті. Облыс намысын қорғаған шәкірттеріміз артқан сенімді ақтап, тұғыр биігінен көріне білді. Әсіресе Азия чемпионатының жеңімпазы, тәжірибелі жаттықтырушы, жақында ғана өмірден озған Берік Пшановтың шәкірттері кіл мықтылардың басын қосқан бәсекені жоғары нәтижемен аяқтады.
Білікті бапкердің дәрісін тыңдап, алдын көрген оқушылар 11-13 жас аралығында дойбыда Шымкент қаласында өткен гиназиядада қарсыластарынан басым түсіп, 1-орынды иеленді.
Жерлестеріміз былтырғы жылы ұйымдастырылған «XI жазғы оқушылар гимназиядадсын» дәл осындай нәтижемен аяқтаған болатын. Білікті бапкерден шеберліктерін ұштаған талапты оқушыла­рымыз чемпиондық атақтарын сақтап қалды.
— Жалпы дойбыдан бақ сынаған оқу­шыларымыз А.Байтұрсынұлы атындағы гимназия мен мектеп-лицейден жасақталды. Атап айтсақ, гимназиядан Баянару Әлімбек, Аңсар Әмірбек, Расул Қайрат, мектеп-лицейден Адина Шәріптің шеберліктері басым болды. Жарыс өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Жас спортшыларымыз жарысқа Жамбыл облысының атынан шықты, — дейді оқушылар­ды жарысқа бастап барған А.байтұрсынұлы атындағы гимназияның дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ербол Омаров.
Leave A Reply

Your email address will not be published.