Тұрмыстық зорлық — зомбылық дегеніміз…
Отбасылық–тұрмыстық қатынастар дегеніміз – ерлі–зайыптылар, бұрыңғы ерлі–зайыптылар, бірге тұратын немесе бірге тұрған адамдар, жақын туыстар, ортақ баласы (балалары) бар адамдар арасындағы қатынастар болып табылады;
Тұрмыстық зорлық–зомбылық дегеніміз – отбасылық–тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға (басқаларға) қатысты дене зардабын және (немесе) психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті (іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі); Тұрмыстық зорлық–зомбылық мәселесі тек Қазақстанға тән емес, бүкіл әлемге тән мәселе болып табылады. Отбасылық және тұрмыстық құқықбұзушылықтар көптеген жағдайда жасырын қалады, өйткені жәбірленуші үйдегі жанжалды айтып, пана сұрағысы келмейді.
Отбасындағы зорлық–зомбылықтың негізгі себептері: жаман әдеттер, маскүнемдік, нашақорлық, құмар ойындар, әлеуметтік қиыншылықтар, жұмыссыздық, отбасы мүшелері арасында туындайтын сенімсіздік және өзара келіспеушіліктер болып табылады..
Отбасылық–тұрмыстық жағдайдағы зорлық–зомбылық түрлері: Күш көрсету зорлық–зомбылығы – дене күшін қолданып, денені ауыртып денсаулыққа қасақана зиян келтіру; Психологиялық зорлық–зомбылық – адамның психикасына қасақана әсер ету, оны қорқыту, қорлау, бопсалау немесе құқық бұзушылықтарды өмірге, денсаулыққа қауіп төндіретін, сондай-ақ психикалық, дене және жеке басы дамуының бұзылуына әкелетін әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу (еріксіз көндіру) арқылы ар-намысы мен абыройын кемсіту. Экономикалық зорлық–зомбылық дегеніміз – адамды заңмен көзделген құқығы бар тұрғын үйінен, тамағынан, киімінен, мүлкінен, қаражатынан қасақана айыру;
Аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесі әйелдерді зорлық–зомбылықтан қорғау тобымен, отбасы–тұрмыстық қатынаста зорлық–зомбылық құрбаны болған әйелдерге көмек көрсету, отбасы–тұрмыстық қатынастағы зорлық–зомбылық құқық бұзушылық бойынша дереу шара қабылдау үшін №6–22–10 «сенім телефоны» жұмыс істейді, әйелдерге заң аясында құқықтық кеңестер беріп, полицияның көмегіне жүгінген әйелдердің арыздарымен тексеру жүргізіліп, зорлық–зомбылық жасаған адамдар, Қазақстан Республикасының заңнамасымен қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тартылып жазасын алады.
А.Кенжеқұл,
Талас АПБ ЖПҚБ–нің ӘЗЗҚТ аға инспекторы, полиция капитаны.

Все реакции:
Мақсат Арапұлы Қазанғапов, Айтолкын Абдибекова и ещё 3