Аймақинфо- ақпараттық портал

Инвестициялық жобалардың берері мол

0 12
Кез — келген аймақтың экономикасына инвестиция салудың рөлі зор. Инвестиция тарту ең алдымен кәсіпкерлердің жобаларын ұлғайтуға жақсы мүмкіндік береді. Соңғы жылдары инвесторлар көптеп келетін экономикалық аймаққа айналған өңірімізде қазіргі таңда бірнеше ірі инвестициялық жобалар іске асырылып жатыр.
«AMANAT» партиясы Талас аудандық филиалында аудан прокурорының орынбасары Асылхан Тилешовтың төрағалығымен аудан инвесторларымен кездесу өткізілді. Жиынға салалық ведомствалардың өкілдері мен инвесторлар қатарынан «АsiaСhem» ЖШС, «Азмина-Мрамор» ЖШС, «Жамбыл Недр» ЖШС, «Talas Investment Company» ЖШС, «Karatau chemicals» өкілдері қатысты.
Жергілікті мемлекеттік ақпараттың бизнес қоғамдастықпен өзара сенімді байланысын арттыру мақсатында өткен кездесуде Асылхан Еркінұлы кәсіпкерлерді қорғау және прокуратура органдары талап ететін инвестициялық жобаларды жан-жақты сүйемелдеу туралы айтып өтті.
Жиын барысында тасымал және логистика, мәселесін алға тартқан компания өкілдері инфрақұрылымдық бағытта әлі де түйінді мәселелер бар екенін жеткізді. “AsiaChem” компаниясының өкілі Жасұлан Есжанов табиғи ресурстарды экологиялық талаптарға сай барлау жұмыстары жүргізіліп жатқандығын, сонымен қатар жуық арада зауыт құрылысын бастауға дайындық жасалып жатқанын айтса, “Жамбыл Недр” цемент зауытының өкілі Марат Омаров техникалық қиындықтарға байланысты негізгі өндірістің уақытша бөгеліп тұрғанын, сол себепті де зауыт қосымша әк тас өндірісін қолға алып жатқандығын жеткізді. Ал “Karatau chemicals” өндіріс орны өкілінің айтуынша, құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып, таяуда кәсіпорын жұмысы қарқын алмақ.
Жиын соңында аудан прокурорының орынбасары Асылхан Тилешов инвесторлар тарапынан көтерілген түйінді мәселелер алдыңғы уақытта кезең-кезеңімен шешілетіндігі, сондай-ақ аудан аумағында жүзеге асырылып жатқан барлық инвестициялық жобаларға заң органдары тарапынан сүйемелдеу болатындығын баса айтты.
Leave A Reply

Your email address will not be published.