Аймақинфо- ақпараттық портал

Ел біріншілігі Қаратауда өтті

0 24
Орталық стадионда 2011 жылы туған жасөспірім­дер арасында Қазақстан Республикасының біріншілігі өтті. Байрақты бәсекеге еліміздің әр өңірінен келген 10 команда өзара мықтыны анықтады. Атап айтсақ, Ақтөбе облысының өзінен Алға, Қобда, Кеңқияқ, Атырау облысының Махамбет, Шығыс Қазақстанның Зайсан, Түркістанның Сайрам, Түлкібас ауданда­рынан, сонымен қатар, Маңғыстау облысы мен таластық жас спортшылар қатысты.
Жасыл алаңға шығып, доп теуіп төселген жасөспірімдер командалары арасында үздікті анықтау оңайға соққан жоқ. 5 күнге созылған жарыс барысында еліміздің әр өңірінен келген құрамалар тыңғылықты дайындықтары мен жасыл алаңдағы ойын шеберліктерімен ерекшелене білді.
Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынға Түркіс­тан облысы Сайрам ауданы командасы тұрақтаса, 2-орынды маңғыстаулық жасөспірімдер еншіледі. Ал үздік үштікті Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының жас спортшылары түйіндеді.
Айта кетерлігі футболдан ауыл жасөспірімдері арасындағы Қазақстан Республикасының біріншілігі Қаратау қаласында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Жарыстың жоғары деңгейде өтуіне «Фосфорит-Шәріп» қоры ықпал етті.
Leave A Reply

Your email address will not be published.