Аймақинфо- ақпараттық портал

Денсаулыққа бағытталған бизнес

0 21
Қаратаулық көпбалалы ана Ақзейнел Байболатова қаламыздан ерлер мен әйел­дерге арналған интенсивті бағытталған электромагниттік өріс арқылы жұмыс жасай­тын медициналық- космето­ло­гиялық аппараттар орта­лығын ашты. Орталық қала­мыз­да­ғы Т.Рысқұлов көше­­сі­нің бойын­дағы «Арба­тас» дүкені­нің жа­нын­дағы ғимаратта орналасқан.
А.Байболатова алғаш болып ерлер мен әйелдердің жыныстық ауруларын емдейдін құрыл­ғыны тұрғындарға ұсынуда. Мұнда бұдан бөлек тұрғындарды әсемдеп, дене пішінді қалыпқа келтіретін косметологиялық жүйені де қолға алған.
— Бизнес ашуды армандай­тындар көп, мен де солардың қатарындамын. Жай ғана бір табыс әкелетін істі аша салмай, әлеуметтік бағдарлы бизнес құрғым келді. Ме­ди­цино — косметологиялық ор­талық ашуға бар күшім мен қаражатымды сала отырып, ерлер мен әйелдердің өзін күтуіне, түрлі аурулардың алдын алуға көмектесемін деп сенемін. Мен үшін қызметімнің қоғам игілігіне бағытталғанын сезіну өте маңызды. Барлық кезеңдерде қолдау берген, құрылғылардың қыр -сырын меңгертіп, өздері оқытып, курста алған біліміме қарай сертификат тапсырған «Medical Laser» компаниясына алғысым шексіз.
Аталған компания кон­сультанттары әлі де маңыз­ды ақпараттармен бө­лісіп, жұмысымның барысын бақылап отырады, — деген Ақзейнел алда тағы да басқа аппараттарды іске қосуды жоспарлап отыр.
Leave A Reply

Your email address will not be published.